Алматылық Аяжан Еділованың өліміне қатысты іс сотқа берілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі қалалық сотқа сітеме жасап.
Тергеу барысында алынған материалдар зерттеу үшін Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданған.
«Күдіктіге қатысты зорлау, сондай-ақ ерекше қатыгездікпен адам өлтіру айыптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл іс жабық режимде қаралады, өйткені іс жыныстық сипаттағы жеке мәліметке қатысты. Алдын ала тыңдау кезінде сотталушыға қатысты істі не алқабилер, не судьяның жеке қарау мәселесі шешіледі. Процессуалдық шешім қабылданғаннан кейін істі қарау күні туралы қосымша хабарланады», – деді Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы Абай Жарылқасынұлы.
Айта кетейік, 19 жастағы Аяжан Еділованың денесі 22 наурызда табылған болатын.