Грузияда көз жұмған Әсел Айтпаеваның оқиғасы: анасы жантүршігерлік суретін көрсетті

Almaty.tv
Almaty.tv
Ол жарақат алып, денесін күйік шалған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Грузияда қаза тапқан қазақстандық Әсел Айтпаева өз-өзіне қол жұмсады деген айып жалған. Осылай деген оның анасы Айсұлу Айтпаева оқиға болғаннан кейін түсірілген қызының адам шошырлық суреттерін алғаш рет көрсетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Оның денесінде көптеген жарақаттар мен күйіктер бар. Жақындары мен қорғаушылардың айтуынша, Әселдің өлімі терезеден құлағанға дейін болған. Ол бұл іске алыс туысы Мұрат Мейірбековтің де қатысу болуы мүмкін деп санайды.

«Оның адвокаты 28 сәуірде ұшып кеткенін айтты. Бірақ ол күні ұшып кетуі мүмкін емес, өйткені 27-28 сәуірде Мейірбеков қызымды әуежайда қарсы алды. Ол 4 сәуір күні грузин уақытымен кешкі сағат 20.00-де ұшып кетті. Яғни қылмысты жасап, Қазақстанға ұшқан», – деді марқұмның анасы Айсұлу Айтпаева.

Айсұлу Айтпаеваның айтуынша, қыздың өлімін толыққанды тексеру үшін қазақстандық сарапшы Грузия аумағында кешенді медициналық-криминалистикалық сараптама жүргізуі қажет. Мұндай зерттеулер ол жақта жүргізілмеген екен. Енді марқұмның анасы ел Үкіметінен бұл жұмыстарды ұйымдастыруға көмек сұрап отыр.

«Қазір Әселдің денесін алып келіп, мұсылмандық дәстүр бойынша жерлеу үшін қаражат табу мәселе болып тұр. Өкінішке қарай, ол елдің заңына сәйкес, органдар жойылады. Үлгермей қалуымыз мүмкін», – деді қорғаушы Саида Сүлейменова.

Новости партнеров