Есірткі саудасы: пәтерін зертханаға айналдырған ерлі-зайыптылар қамауға алынды

Almaty.tv
Almaty.tv
Қылмысты әшкерелеу үшін арнайы операция ұйымдастырылған
Жаңалықтармен бөлісіңіз


Алматыда синтетикалық есірткі өндірісімен айналысқан ерлі-зайыпты қолға түсті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олар Алатау ауданындағы пәтерін заңсыз зертханаға айналдырып, синтетикалық есірткіні өндірумен және оны бөлшек саудаға шығарумен айналысқан. Зиянды затты таратушыларды ұстап, қылмысты әшкерелеу үшін арнайы операция ұйымдастырылған. Күдіктілер өз үйінің жанында ұсталып, олардан ақ түсті шөгіндісі бар шыны ыдыстар мен қолма-қол ақша табылды. Ал пәтерді тінтіген полиция қызметкерлері зертханалық жабдықтар, электр сорғыларын, шыны колбалар мен басқа да айғақ заттар тәркіледі. Қазір оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

– Пәтерінде зертхана жасап, синтетикалық мефедрон есірткісін өндірген. Жеке басын, тұрғылықты жерін тінту жүргізу барысында дәйекті заттар, қомақты ақша, зертханаға қолданылатын құрал-жабдықтар тәркіленді. Сот химиялық сараптама тағайындалды. Екі күдікті де қамауға алынды, – деді Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Оқи отырыңыз: Петропавлда алаяқтықтың жаңа түрі тіркелді

Новости партнеров