|
27.01.2024 | 16:26
494

Ақтөбе облысында қызметтік иттің көмегімен есірткі сатушы ұсталды

Есірткі сақтағаны, тасымалдағаны үшін 3-7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделеді

Ақтөбе облысында қызметтік иттің көмегімен есірткі сатушы ұсталды Рolisia.kz

Ақтөбе облысында қызметтік иттің көмегімен есірткі сатушы ұсталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Ақтөбе облысының полициясына облыс орталығындағы есірткі тұтынушыларды “қамтамасыз етумен” айналысқан марихуана сатушы туралы ақпарат келіп түсті. Жедел шаралар барысында Ақтөбе қаласындағы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлінісінің қызметкерлері есірткі сатушыны анықтап, ұстады. Жеке тінту кезінде оның қалтасынан өсімдік тектес зат салынған екі пакет және ірі көлемде ақша тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес барлық тәркіленген заттың жалпы салмағы 10 келі кептірілген марихуана екені расталды. Бұл 12,5 мың бір реттік дозаны құрайды. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын заңсыз қайта өңдегені, сатып алғаны, сақтағаны, тасымалдағаны үшін үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделеді.

Оқи отырыңыз: Маңғыстау облысында көршісінің жасөспірім қызын зорламақ болды деген күдікті ұсталды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир