Референдумға дейін:
10
күн
4
сағат
38
минут

Елімізде қылмыс саны азайды

Almaty TV
Almaty TV

Бас прокуратура арнайы жасалған деректерді ұсынды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бас прокуратура елімізде қылмыс санының төмендегенін мәлім еттті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Kazinform.kz-ке сілтеме жасап.

«Қазақстанда қылмыстың 11 пайызға (152 472 - 140 272) төмендеуі байқалуда. Оның ішінде ауыр қылмыстар 14,9 (44 106 - 37 548); ауырлығы орташа қылмыстар 12,6 (67 340 - 58 874); онша ауыр емес қылмыстар 4 пайызға (22 741 - 21 826) қысқарды. Аса ауыр қылмыстар 15,7 пайызға (2 241 - 2 593) өсті. Тергеуді қадағалау аясында прокурорлар 254 адамға қатысты негізсіз қылмыстық қудалауды тоқтатты», - делінген ведомство мәліметінде.

Бас прокуратура ұсынған деректерге сәйкес, 824 адам прокурорлар тарапынан қызметтік үй-жайлар (449) мен изоляторлардан (375 ИВС) босатылды. Азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзу саны 22,7 пайызға (578-ден 447-ге) қысқарды. 97 тұлға сотпен ақталды.

Новости партнеров