|
29.05.2024 | 20:50
2156

Астанада жас қыздарды жыныстық қанауға мәжбүрлеген топ ұсталды

Қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізілуде

Астанада жас қыздарды жыныстық қанауға мәжбүрлеген топ ұсталды elements.envato.com

Астанада элиталық моншаларда жас қыздарды жезөкшелікке мәжбүрлегендер ұсталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Ішкі істер министрлігінің ақпарына сай, 17 адамнан тұратын топ қылмыстық жүйені жолға қойған. Тінту кезінде ақша мен алты автокөлік тәркіленіпті. Күдіктілер қамауға алынды. Бұдан бөлек, Шымкент қаласында да қыздарды сексуалдық қызмет көрсетуге мәжбүрлеген қылмыстық топ ұсталыпты. Мұнда жалпы сомасы 1 млн теңге және 16 мың АҚШ долларынан астам қаражат, 10 автокөлік тәркіленген екен. Жалпы, полицейлер мамырдың 22-сі мен 24-і аралығында адам саудасына байланысты 49 фактіні анықтаған.

- Петропавл қаласында 2023 жылдан бастап зорлық-зомбылық пен бопсалау арқылы жас қыздарды жыныстық қанауға мәжбүрлеп келген қылмыстық топ әрекет еткен. Ұйымдасқан қылмыстық топ құру, басқару және оған қатысу дерегі бойынша қылмыстық іс тергелуде, - дейді ҚР ІІМ ұйымдастқан қылмысқа қарсы күрес деартаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Оқи отырыңыз: Ресейден экстрадицияланды: қылмыскер елге қайтарылды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир