Шымкентте дүкен тонаған күдікті ұсталды

polisia.kz
polisia.kz
Ол бейнебақылау камерасына түсіп қалған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымкент қаласының полицейлері әмбебап дүкенді тонады деген күдікпен ер адамды ұстады. Тергеушілердің мәліметінше, ол қоймадан құны 7,5 миллион теңге тұратын ойыншықтар, сөмкелер мен аяқ киімдерді ұрлаған, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Шымкент қалалық полиция департаментінің мәліметінше, полицейлерге әмбебап дүкеннің қоймасынан ірі көлемдегі тауар партиясы ұрланғаны туралы ақпарат түскен. Сауда нысанының иесі жалпы құны 7,5 миллион теңгеден асатын ойыншықтар, сөмкелер мен аяқ киімдердің жоғалғанын айтқан.

Көшедегі бейнебақылау камераларына ұры тауарды дүкеннен жүк көлігіне тиеп алып шыққан сәті түсіп қалған. Тәртіп сақшылары ізін суытпай ұрыны қолға түсірді. Ол 18 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

- Тергеуге сай, жас жігіт түнде аллеяларды бойлай келе жатып, дүкен ғимаратының артқы жағындағы терезені байқап, сол арқылы ішке кіріп, кассаның жанынан үй-жайдың кіреберіс есігінің кілтін тауып алған. Ол кабельдерді қуат көздерінен ажыратып, бейнебақылау жүйелерін өшіріп тастаған. Содан кейін жүк тасымалдау қызметін көрсететін көлікті шақырған. Келген көлікті тауарға толтырып, оқиға орнынан кетіп қалған, - деп хабарлады Шымкент қалалық ІІД.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүріп жатыр.

Оқи отырыңыз: Алаяқтардан абайлаңыз

Новости партнеров