Жамбыл облысында кәсіпкер 601 млн теңге салық төлеуден жалтарған
inbusiness.kz
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында ЖШС-нің 285,8 млн теңге мүлкіне тыйым салынды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Жамбыл облысында 601 млн теңге салық төлеуден жалтарған кәсіпкер 4 жылға сотталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«ҚМА Жамбыл облысы бойынша департаменті «АНК-Энерго» ЖШС директоры Түлкібаев Б.Т.-ға қатысты 601,5 млн теңгеге жуық сомаға бюджетке салық төлеуден жалтару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізді. Нәтижесінде сот үкімімен Түлкібаев Б.Т. кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды», - делінген хабарламада.
Мәліметке сай, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында ЖШС-нің 285,8 млн теңге мүлкіне тыйым салынды.Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
03.11.2026 12:40
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
03.11.2026 08:11
Фатима Сұпығалиева дзюдодан жасөспірімдер Олимпиадасында топ жарды
03.11.2026 08:30