Алматыда жаппай тәртіпсіздікке қатысушыларға арматура таратқандар ұсталды

Almaty.tv
Almaty.tv
Олар өздері дайындаған «ГАЗель» көлігіне тиеп апарып, алаңдағыларға таратып берген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда жаппай тәртіпсіздікке қатысушыларға арматура таратқандар ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.


Полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, олар 5 қаңтарға қараған түні «Шаңырақ» ықшамауданындағы жеке сектордағы үйлердің бірінде ұзындығы 70 см болатын темір жабдықты кесіп дайындаған. Ол үшін шарқайрақ құрылғысын пайдаланғаны белгілі болды. Кейіннен оны «ГАЗель» көлігіне тиеп, алаңдағыларға таратып берген. Олардың бұл әрекеті бейнежазбаға түсіп, әлеуметтік желіде біраз талқыға түскен еді. Қазір қылмыстық іске қатысы бар деген күдікпен 6 ер адам ұсталды және олар өз кінәсін мойындады.  

«Біз ақылдаса отыра, арматура тарататын болып шештік. Арматураны кестік, сосын оны тиеп жібердік. «ГАЗельде» 40-50 арматура болды. Соны тастадық да, Байзақов көшесіне кеттік», - дейді күдіктілер.

Полиция департаментінің хабарлауынша, ұсталғандар – 25 пен 30 жас аралығындағы азаматтар. Бұған дейін сотталмаған. Десе де, бұрын әкімшілік құқық бұзушылыққа барғаны белгілі болды.  

«Күдікпен 6 адам ұсталды. Алтауы да жеке кәсіпкердің қарамағанда жұмыс істеген адамдар екен. Олар – Алматы қаласында «ГАЗель» маркалы автокөліктермен азық-түлікті дүкендерге таратумен айналысатын жеке кәсіпкердің өкілдері. Мәлім болғандай, олардың 3-4 күн бұрын осы тәртіпсіздікке алдын ала дайындалғаны белгілі болды», - деді Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Новости партнеров