СҚО-да есірткінің кристалл түрін сақтаған бойжеткен ұсталды

1narcolog.ru
1narcolog.ru
Ол екі жыл бұрын үй қабырғаларына есірткі сайттарын жарнамалағаны үшін қолға түскен
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Солтүстік Қазақстанда есірткінің кристалл түрін аса ірі көлемде сақтаған бойжеткен ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Күдікті Петропавлдың 25 жастағы тұрғыны болып шықты. Құрықтау кезінде одан кристалл тәрізді зат салынған 33 полимер түйіншек тәркіленген. Осыдан екі жыл бұрын дәл осы қыз үйлердің қабырғаларында есірткі сайттарын жарнамалағаны үшін қолға түскен болатын.

Енді ол аса ірі көлемде есірткі сақтағаны үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.  

«Сот химиялық зерттеу нәтижесіне сәйкес «альфа-PvP» синтетикалық есірткі анықталды. Жалпы салмағы 15,3 грамм, бұл аса ірі көлемге жатады. Қылмыскерге қатысты ҚР процестік кодексінің 150-бабы бойынша қамау бұлтартпау шарасы берілді», – деді СҚО ПД ЕҚКБ аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Руслан Үмбетов.  

Новости партнеров