Қостанай облысындағы Рудный қаласында зейнеткер 3,5 млн теңгесінен айырылып қала жаздады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі inform.kz-не сілтеме жасап.
Учаскелік полиция инспекторлары Бекзат Иманбаев пен Исламбек Бағдат банкте болғанда зейнеткер қобалжып, күдіктеніп тұрғанын байқайды.
- Тұрғын бізге таксиге тапсырыс беруді сұрады, ал ол сол уақытта біреумен телефонмен сөйлесіп тұрды. Телефондағы дауыс белгілі бір мекен-жайға барып, онда шотқа ақша салуы керек екенін айтты. Біз мұның не екенін бірден түсіндік. Біз қарт кісіні тыныштандырып, алаяқтардың нөмірін бұғаттадық. Алайда бұл оларды тоқтатпай, басқа нөмірлерден тағы бірнеше рет қоңырау шалды. Кейін біз банкке оралып, ақшаны шотқа салып, тұрғынды үйге апардық, – дейді учаскелік полицейлер.
Зейнеткер инспекторларға алғысын білдірді.
Оқи отырыңызы: Есірткі тасымалымен айналысқан шетел азаматы ұсталды