|
26.10.2021 | 18:32
3936

СҚО-да пара алған басқарма басшысы мен оған пара берген директор жазаланды

Шенеунік пен пара берген директор өз кінәсін толық мойындады

СҚО-да пара алған басқарма басшысы мен оған пара берген директор жазаланды Almaty.tv

Бір апта бұрын пара алғаны расталған Солтүстік Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының ісіне қатысты сот шешім шығарды. Отырысқа күдікті Сақтағановтың өзі және оған пара берген медицина ұйымының директоры қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. 

Мәлім болғаны, коммерциялық емес мекеменің басшысы өз қызметкерлеріне мемлекеттен қаржылай көмек берілмейтінін, көтермеақыны тек облыстық денсаулық басқармасы арқылы ғана ала алатынын білген. Сол себепті Сақтағановтан қолдау болуы үшін, оған пара беруді ұйғарыпты.  

«23 қыркүйекте сағат 16.30-да «Денсаулық» коммерциялық емес мекемесінің директоры пара беру мақсатында Сақтағановтың қызметтік кабинетіне ескертпестен келген. Петропавл қаласы Театральная көшесі, 56а мекенжайында орналасқан жерге келген Қарабаева аса сақтықпен Сақтағановтың жұмыс папкасына 200 мың теңге салған. Ал пара алушы жемқорлықты болдырмауға тырыспаған», – деді прокурор Асылбек Қоңыратов.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы орнын босатты. Шенеунік пен пара берген директор өз кінәсін толық мойындады. Екеуі де өмір бойына мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырылды. Жемқорлыққа жол берген Сақтағанов пен Қарабаева пара сомасын еселеп қайтаруға міндеттелді. Судья олардың мүлкі тәркіленбейтінін айтты.  

«Сот шешімі бойынша Сақтағанов Қабдрахман Еркінұлы 366 баптың 2-бөлігі, ал Қарабаева Айнагүл Серікбайқызы 367-баптың 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылады. Сақтағанов Кабдрахман Еркінұлы 366-баптың 2-бөлігі бойынша пара сомасынан 30 есе көп, яғни 6 млн теңгеге айыппұл өтеуге міндеттілді. Сақтағанов 1 ай үй қамауында отырғаны үшін 5 млн 807 мың 478 теңге төлеуі керек. Қарабайқызы Айнагүл Серікбаева 367-баптың 2-бөлігі бойынша пара сомасынан 20 есе көп, яғни 4 млн теңге айыппұл төлеуі керек», – деді судья Динара Байзақова.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир