|
29.01.2024 | 18:07
314

Жалға алған пәтерді есірткі зертханасына айналдырған жігіт анықталды

Күдікті есірткіні зертханада өзі дайындайтынын мойындады

Жалға алған пәтерді есірткі зертханасына айналдырған жігіт анықталды elements.envato.com

Алматылық азамат туыстарының үйінде есірткі зертханасын ұйымдастырған. 26 жастағы жігіт ағасының тұрғын жайын жалға алып, синтетикалық есірткі өндіріп келген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Патрульдік полиция экипажы оны ұстап, қамауға алды. Жедел тергеу тобы тінту кезінде оның сөмкесінен салмағы 1,5 келіге жуық «мефедрон» құрғақ ұнтағын тапты. Күдікті есірткіні зертханада өзі дайындайтынын мойындады.

Күдіктінің айтуынша, оған белгісіз біреулер бұл жұмысы үшін қомақты сыйақы уәде еткен. Ал жалға алған пәтерінен есірткіге арналған шынылар, электронды таразылар мен құрғақ ұнтақ табылған. Қазір 26 жастағы жігіттің есірткі бизнесіне қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Оқи отырыңыз: Алматыда алимент төлемей жүрген қанша азамат бар

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир