|
17.09.2024 | 18:08
49

Маңғыстауда есірткі сақтаған жасырын қойма табылды

Өңірдегі департаменттің мәліметінше, теңіз арқылы заңсыз есірткі тасымалы алғаш рет тіркелген

Маңғыстауда есірткі сақтаған жасырын қойма табылды Almaty.tv

Маңғыстауда есірткі заттарын сатпақшы болғандардың жолы кесілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Ақтау қаласынан демалыс базасына қарай 39 шақырым жерде орналасқан құмды аумақтан салмағы 10 келілік 60 миллион теңгенің есірткі затын сақтаған жасырын қойманы тапқан. Өңірдегі департаменттің мәліметінше, теңіз арқылы заңсыз есірткі тасымалы биыл алғаш рет тіркеліпті. Аталған факті бойынша іс қозғалып, тергеп-тексеру жұмыстары басталды.

– Есірткі заты көмілгені туралы жедел ақпар келіп түсті. Іздестіру шарасы кезінде «Алау» демалыс базасы маңында жерге көмілген пакет табылды. Ішінен кофе қаптамасына оралған есірткі заты шықты. Қоңыр-сарғыш түсіне, өзіне тән иісіне қарап, гашиш деген қорытынды жасалып отыр, – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Экономикалық тергеу департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Алексей Клименко.

Оқи отырыңыз: Арыстағы әскери бөлімінде өзіне оқ атқан ефрейтор аурухана жеткізілді




Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир