Атырау облысында ауылдастар атысып, бір адам қаза тапты

Фото: ЕТВ
Фото: ЕТВ
Сондай-ақ ауыр жарақат алған 6 адам ауруханаға жеткізілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атырау облысының Сағыз ауылында ауылдастар арасында атыс болды. 6 адам жарақат алып, оның біреуі қаза тапқан, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.               

Оқиға 30 қазан күні сағат 19:30 шамасында Атырау – Ақтөбе тасжолының 331-ші шақырымында болыпты. 5 адам атыс қаруынан зардап шексе, 1 адам соққыдан дене жарақатын алған. Тағы бір азамат сол ауылдың амбулаториялық ауруханасында қайтыс болды. Қазір оқиға орнына Атырау облысы полиция департаментінің жедел-тергеу тобы жұмылдырылды.  

«Жағдайлары бірқалыпты ауыр. Науқастардың екеуінде де ашық бас жарақаты диагнозымен, мидың ауыр дәрежелі соққы алуы, бір науқаста қосымша сол көзінің ауыр жарақаты бар. Қазіргі кездегі науқастардың емделу мерзімі немесе болашақтағы болжамы жайлы айту өте қиын», – деді облыстық аурухананың нейрохирург дәрігері Еркін Ербөлеков.

Шағын ғана ауылдағы жайсыз жағдай алғаш рет болып отырған жоқ. Өткен жылдың шілде айында да жаппай төбелес кесірінен пышақ жарақатымен тағы бір тұрғын бақилық болған. Адам өлтірген қылмыскер 11 жылға сотталыпты. Ал мына төбелестің себебі анықталуда. Қазір Сағыз ауылында тұрғындар тыныштығы 24 сағат күзетілуде.  

«ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2 бөлігімен (Адам өлтіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Қазіргі таңда оқиға орнында, яғни Қызылқоға ауданында департаменттің жедел тергеу тобы жұмыс істеуде», – деді облыстық Пд баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.

Новости партнеров