Қазақстаннан Бахрейнге қыздарды сексуалдық құлдыққа жіберген күдіктілер ұсталды

iphones.ru
iphones.ru
Ол туралы Ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстаннан Бахрейнге қыздарды сексуалдық құлдыққа жіберген күдіктілер ұсталды. Ол туралы Ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Белгілі болғандай, қылмыстық топтың құрамында Қазақстан, Ресей және Бахрейн азаматтары болған. Олар 2016-2020 жылдар аралығында еліміздің аумағында қыздарды алдап, Бахрейн Корольдігіне алып шығумен айналысқан. Оның айтуынша, соңғы екі аптада Қазақстанның 6 азаматының шетелдегі тұрғылықты жері анықталған. Осыған дейін оларды да сексуалды құлдықта ұстау үшін шетелге шығарған. Жалпы еліміз бойынша адам саудасына қатысты 133 қылмыстық іс тергеліп жатыр.

«Жалпы зардап шеккен 39 адамды анықтадық, олар Шымкент қаласы мен Түркістан облысының тұрғындары. Қазіргі кезде қылмыстық іс бойынша күдікті ретінде 19 адам танылды. Олардың арасында үшеуіне іздеу жарияланды. Сыртқы істер министрлігі, Бас прокуратурамен өзара іс-қимыл нәтижесінде қыздар Бахрейннен, Түркиядан және БАӘ-ден қайтарылды. Бізде трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топты құру мен басқару бойынша қосымша қылмыстық іс қозғалды», – деді ҚР Ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов.


Новости партнеров