Түркістан облысында мемлекет тарапынан жарты миллион теңге қайтарымсыз ақша шығарып беремін деп уәде еткен алаяқ құрбылар ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Олар 555 мың теңгені есепшотына түсіріп береміз деп, сол қызметі үшін 100 мың теңге талап еткен. Жетісайлық тәртіп сақшылары 40-қа жуық адамды алдаған 4 әйелді қолға түсірді. Ал бесінші күдікті – ер адамға іздеу жарияланды. Келтірілген шығын көлімі – 4 миллион теңге.
«Қазіргі таңда оларға қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабының үшінші бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 4 әйелге қатысты іс қылмыстық сотқа жолданды. Ер адамның тергеуден бой тасалап, қашып кетуіне байланысты іздеу жарияланды», – деді Жетісай аудандық полиция басқармасы анықтау бөлімінің аға анықтаушысы Бақытжан Төлебаев.