|
06.10.2023 | 18:38
2997

Алматыда есірткі сату қылмысына қатысты сот өтті

Құзырлы орган өкілдері есірткі сатуды кәсіп қылғандар жиілегенін айтты

Алматыда есірткі сату қылмысына қатысты сот өтті Almaty.tv

Алматыда есірткі сату қылмысына қатысты сот өтті. Процесс ашық форматта жүргізілді. Алайда сотталушы өзінің түрін көрсетуге қарсылығын білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол ірі көлемде есірткі сатумен және тасымалдаумен айналысу дерегі бойынша айыпталған. Сот барысында іс бойынша тергеу қорытындысы толық баяндалды. Ал айыпталушының адвокаты келіспейтін тұстарын айтып, азаматты бас бостандығынан айырмауды сұрады. Тараптарды тыңдаған судья жауаптарды қабылдап, келесі отырысты дүйсенбіге қалдырды. Құзырлы орган өкілдері соңғы кезде есірткі сатуды кәсіп қылғандар жиілегенін айтты.

– Талдаудың нәтижесінде есірткіні тасымалдау және сату бойынша жоғары сынып оқушылары, колледж бен университет студенттері арасында дерек көп. Алматы қаласының прокуратурасы қылмыстың алдын алу үшін іс-шара атқарып жатыр. Соның бірі – ашық сот отырысын көрсету, – деді қалалық прокуратураның ресми өкілі Нұрсұлтан Жиделбай.

Оқи отырыңыз: Интернет арқылы терроризмді насихаттаған радикал ұсталды – ҰҚК

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир