Бишімбаев ақталуы мүмкін бе - мәжілісмен пікір білдірді

Almaty.tv
Almaty.tv
Жәбірленуші тарап істің алқабилер сотында қаралуын талап еткен
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алдағы алқабилердің қатысуымен өтетін Қуандық Бишімбаевтың сотына қатысты мәжілісмен пікір білдірді. Депутат Абзал Құспанның айтуынша, 10 адамның алтауы күдіктіні ақтайтын болса, онда сотталушы босап шығуы мүмкін, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алаңдауға еш негіз жоқ екенін жеткізген халық қалаулысы соттың өту процесін былайша түсіндірді. Жәбірленуші тарап істің алқабилер сотында қаралуын талап ете алмайтын көрінеді. Депутат «бұл тәртіп біздің елде ғана емес, жалпы әлемдік тәжірибеде қолданылып келеді» деді.

– Менің ойымша, бұл жерде алаңдауға еш негіз жоқ. Біріншіден, алқаби – қоғамның өкілі. Бұл жерде кәсіби судья қатысады. 10 судьяның бірі – кәсіби судья. Қазіргі қолданыстағы Қылмыстық кодекс бойынша айтар болсақ, істі қарау аяқталған соң залда судья мен алқабилер қалады. Олар сотталушының кінәлі, кінәлі емес екеніне дауыс береді.  Он алқабидің алтауы «кінәлі емес» десе, сотталушы босап шығады, – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Абзал Құспан.

Оқи отырыңыз: Бишімбаев ісі: сот отырысында қатысушылар саны шектелді

Новости партнеров