Ермек Марқабаевқа қатысты сот отырысы кейінге шегерілді

Almaty.tv
Almaty.tv
Күдікті «Алтын Орда» базарының басшылық құрамында болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Алтын Орда» базарының басшылық құрамында болған Ермек Марқабаевқа қатысты сот отырысы тағы кейінге шегерілді. Тыңдалым бүгін Алматы облысы Қарасай ауданында өтуі керек еді. Алайда сот отырысы басталмай жатып, судья ештеңе түсіндірместен процестің 6 қарашаға қалдырылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тыңдалымға келген сотталушының туыстары істің әділ өтуін талап етсе, адвокаты құзырлы орган тергеу қорытындысымен таныстырмағанын және нақты дәлелдер ұсынбағанын айтты.

Еске сала кетейік, Марқабаев маусымда қамауға алынған. Полиция одан есірткі заты табылғанын хабарлап, үстінен қылмыстық іс қозғаған еді.

– Полиция қызметкерлерінің іс-әрекетінде заңға қайшылық көп. Соның ішінде айыптау актісін әлі күнге дейін Марқабаевтың өзі немесе қорғаушылары қолма-қол алған жоқ. Өткен сотқа дайындау кезеңінде судья прокурорға айыптау актісін Марқабаевтың өзіне немесе қорғаушыларына тапсыруды міндеттеген. Бірақ әлі күнге дейін біз айыптау актісін алған жоқпыз, – деді Е. Марқабаевтың адвокаты Динара Жұбатова.

– Балам үлгілі отбасынан шыққан. Ол ешқандай әдепсіз, заңсыз іске бармайды. Жала жауып отыр. Ұлым 5 айдан бері қамауда жатыр. Балалары сағынды, – деді Е. Марқабаевтың туысы Сағын Марқабаев.

Оұи отырыңыз: Ақтауда қандала уынан бір отбасы зардап шекті

Новости партнеров