|
20.03.2024 | 19:21
301

Бұрынғы әйелін кепілдікке алған түркістандық тұрғын жансақтау бөлімінде жатыр

Полиция мәліметінше, күдіктінің талабы «оны қудаламау және жауапқа тартпау» болған

Бұрынғы әйелін кепілдікке алған түркістандық тұрғын жансақтау бөлімінде жатыр Almaty.tv

Түркістан облысында әйелді кепілге алып, өлтіре жаздаған ер адам жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр. Бұрынғы келіншегін пышақтаған күдікті жанжал кезінде өзіне де 7 рет пышақ сұғып үлгерген. Куәгерлер айтуынша, арнайы жасақ тоқтатқанда екеуі де көліктен қансырап шыққан, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

Бейнежазбада қансырап жатқан әйел – бұрынғы күйеуінің қолынан ажал құша жаздаған Сайрам ауданының тұрғыны. Оны экс-жұбайы үйінен пышақпен қорқытып, көлікке отырғызып әкеткен. Ал қызының кепілге алынғанын полицияға анасы хабарлапты. Қызылордаға бағыт алған ер адам арнайы жасақтың күшімен Шымкент қаласында қолға түсті.

– Сағат 12:00 шамасында машинада отырғанмын. Бір көлік машинаны сырып өтіп, тоқтады. Артынан қуып келген машинаның сыртында «Арлан» деп жазылған. Бір әйел мен еркек көліктен түсті, – деді куәгер.

Жәбірленуші мойын тұсынан жеңіл жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Күдіктінің аяғына оқ тиген, одан бөлек, ішкі ағзалары сыртқа шығып кетіпті. Іле-шала шұғыл ота жасалған азамат қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Науқастың жанында қарулы күзет бар. Дәрігердің айтуынша, ота ауыр өткенімен, күдіктінің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

– Түскен кезде сол санында және іш қуысында ашық жарақат болды. Ішкі органдары сыртқа шығып, қан ағып келді. Ішектері тесілген, олар тігілді. Сыртқа шыққан іш майға дезекция жасалды. Ішкі органдарының бәрін жуып тазаланды. Жараларына алғашқы хирургиялық өңдеу жүргізілді, – деді Шымкент қалалық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Ержан Байдуллаев.

Бұрынғы әйелін кепілге алған көлік иесін «Арлан» арнайы жасағы қолға түсірген. Полиция мәліметінше, күдіктінің талабы «оны қудаламау және жауапқа тартпау» болған. Ал әйелімен үш жыл бұрын ғана ажырасқан ол бұған дейін екі рет сотталған. Арада үш бала бар. Күдікті лудоманиямен ауырады.

Назерке Үкібасова, Ильдар Жүнісқанов, «Алматы» телеарнасы, Түркістан облысынан

Оқи отырыңыз: Ақтөбенің бірнеше ауданындағы жолды су басты

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир