Базардан басы табылған әйел туралы тың дерек пайда болды

Коллаж Almaty.tv.
Коллаж Almaty.tv.
Оқиға 12 сәуірде болған еді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының Түрксіб ауданындағы базардан басы табылған әйел туралы тың дерек пайда болды. Бұл туралы марқұм уақытша паналаған әлеуметтік бейімдеу орталығының қызметкері "Шешімі бар" бағдарламасында мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ал келіншекті танитын саудагерлер "оның жеңіл жүрісті болғанын және оны ауру жұқтырғаны үшін өлтірген болуы мүмкін" деп топшылайды.


Елдің есін екеу, түсін төртеу қылған қылмыс 12 сәуірде болған еді. Марқұмды танитын Түрксіб ауданындағы дүкен сатушысы әйелдің бассыз денесін Шолохов көшесіндегі саябақтан ит тапқанын айтады.  

"Тергеушілердің айтуыншы, оқиға сағат 5:00-де  болған. Көз жұмған келіншек саябақта серуендеп жүрген көрінеді. Сағат 9:00-де денесін ит тауып алған", – деді сатушы Айжан.

Дене табылған жерде әлі де ұйыған қанның қалдығы бар. Ал саудагерлер бас салынған пакетте қан болмағанын айтады. Бұл жайтқа қатысты арнамыздың «Шешімі бар» бағдарламасында пікірін айтқан заңгердің айтуынша, қаскөй қанды қылмысты алдын ала жоспарлауы мүмкін.

"Ол  іс-әрекетіне жауап беретін адам. Өйткені, түрін көрсетпеді, еңкейіп тұрды. Бас кимін төмен түсіріп алған. Басты жууы керек апарып. Ол үшін су ағатын жерге не үйге апару керек дегендей. Соның бәрі қаншама уақыт қой. Басты кесу, жуу, тазалау, пакетке салу - бәрін ойластырған", – деді  заңгер Нұрлан Байғазин.

Айта кетейік, 47 жастағы марқұмның тұрғылықты жері жоқ, бұрын есірткі қылмысы үшін бірнеше рет сотталған екен. Ол өлерінен шамамен 4 ай бұрын әлеуметтік бейімдеу орталығын паналаған. Ол жаққа әйелді масаң күйде Түрксіб аудандық патрульдік полициясы жеткізген. Бұл мекемеде 3 ай тұрып, қайта шығып кетіпті.

"Сотталып келген кісілердің көбінде ВИЧ ауруы болады. Енді марқұмның да ауруы барын білеміз. Бірақ бізге түскен басқа да әйелдер, бас бостандығынан айырылғандар бар. Олардың көпшілігі ауру жұқтырған", – деді әлеуметтік бейімдеу орталығының маманы Ырыскүл Құсайынқызы.

Айта кетейік, кеше Алматы қалалық Полиция департаменті күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді. Қаскөй 62 жаста және марқұммен таныс болған. Қылмыс жанжал кезінде жасалыпты. Өзге ақпарат жария етілмеді. Іс әлі тергеліп жатыр.

Аяулым Көлжігіт, Алмат Ілиясов, "Алматы" телеарнасы 

Новости партнеров