«Автобус жүргізушісі сол сәтте есінен танбауы мүмкін». Алматыдағы Қалқаман шағынауданында болған жол апатынан қаза тапқандардың жақындары осылай деп күмән келтірді. Бүгінгі кезекті сот отырысында сот медициналық сарапшы сөз сөйледі, деп хабарлайды Almaty.tv.
Маман азаматтардың күмәнін сейілтіп, алған соққыдан жүргізушінің есін жоғалтуы әбден мүмкін деп сендірді. Сондай-ақ зардап шегуші тарап бүгін де қоғамдық көлік жүргізушісі лайықты жазасын алуы тиіс дегенді қайталады.
– Мұндай соққыдан кейін адам есін жоғалтуы мүмкін. Бейнежазбалардан байқасақ, жүйке жүйесі орналасқан жерден ұрғанын көруге болады. Сонда астыңғы жақ бөлігінен соққы алған. Демек мұнда бет-жақтың ең көлемді жүйкесі орналасқан. Ол сезімтал келеді, – деді сот-медициналық сарапшы Антонина Ким.
Есте болса, сұмдық оқиға былтыр желтоқсанда болған. Жолаушылардың бірі автобус жүргізушісін жұдырықтап, жүгенсіз көлік аялдамадағы 3 адамды қағып кеткен. Олар апат орнында көз жұмды. Бүгін іске қатысты 4-сот отырысы өтті.
Оқи отырыңыз: Бишімбаевтың ісі: Салтанат Нүкенованың қандай жағдайда көз жұмғаны көрсетілді