|
23.08.2024 | 20:02
1525

Жедел жәрдем жүргізушісіне шабуыл жасаған ер адамға сот үкім кесті

Кінәлі азамат 2 жылға бас бостандығынан айырылды

 Жедел жәрдем жүргізушісіне шабуыл жасаған ер адамға сот үкім кесті Almaty.tv

Қарағанды облысында жедел жәрдем жүргізушісіне шабуыл жасаған ер адамға сот үкім кесті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қылмыстық істі қарау барысында мәлім болғандай, 27 қаңтарда Дәкебаев қоқыс шығарып жатып, аулада жолды бөгеп тұрған көлікті көрген. Балағат сөз айтып, қоқысын тастаған ол қайтар жолда жедел жәрдем жүргізушісінің беті мен басына үш рет және сол жақ қабырғасына бір рет соққы жасаған. Салдарынан тізгіндегі азаматтың бас миы шайқалып, мұрын сүйектері сынып, денсаулығына орташа зиян келген. Дәкебаевтың кінәсін сот-медициналық сараптаманың қорытындысы,  куәлардың айғақтары және оқиғаның бейнежазбасы дәлелденді. Кінәлі азамат 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Одан бөлек, ол 2 миллион теңге моральдық зиянды өтейді.

– Сот сотталушыны қоғамнан оқшауламай түзеу мүмкін емес деп есептейді, сондықтан қылмыстық бап бойынша 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау қажет деп тапты. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ, – деді Әлихан Бөкейхан аудандық сотының судьясы Бақтияр Ақанов.  

Оқи отырыңыз: Көк шығанақ: Каспийдің жағалауы қоқыс алаңына айналды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир