|
22.10.2019 | 12:09
12057

Әбдіжәміл Нұрпейісов 95 жаста: халық жазушысының туындылары қалай дүниеге келді

Жазушының шығармалары әлемнің 30 тіліне аударылған

Әбдіжәміл Нұрпейісов 95 жаста: халық жазушысының туындылары қалай дүниеге келді

Қазақстанның халық жазушысы, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әбдіжәміл Нұрпейісов 95 жаста. Әлемдік ақыл-ойдың қазынасына өлшеусіз үлес қосқан қабырғалы қаламгердің мерейтойына орай Алматыда Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында салтанатты шара өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Әбдіжәміл Нұрпейісов әдебиеттегі алғашқы қадамын бірден романнан бастаған. II Дүниежүзілік соғыстан жаңа оралған майдангер іштен тебіндеген албырт шабыты қолына қалам ұстатқанда, ақ қағазға алдымен қанды ұрыстан, өмір мен өлім айқасынан алған әсерін түсіреді. Осылайша «Курляндия» атты қалың романы дүниеге келеді. Бұл туындысында автор өзінің басынан өткерген оқиғаларын баяндаған.

«Майданнан оралған бетте ауылға тартып тұрдым. 1949 жылдың басында романымды баспаға бердім. Қалай болғанын өзім де түсінбедім, үлкен жазушылар конкурсқа салып, Жамбыл атындағы сыйлыққа ие болдым», – деді Қазақстанның халық жазушысы Әбдіжәміл НҰРПЕЙІСОВ.

«Қан мен тер» трилогиясы, «Соңғы парыз» дилогиясы – Әбдіжәміл Нұрпейісовтің ғана емес, күллі қазақ әдебиетінің табысы. Жазушының ерен еңбегі елдің, мемлекеттің жоғары бағасына ие болды. Тау тұлғаның шығармалары әлемнің 30 тіліне аударылған.Әдебиеттің дамуына сүбелі үлес қосқан қаламгер керемет жазушы ғана емес, сондай-ақ шебер аудармашы. Ол Чеховтың, Горькийдің, Назым Хикметтің, испан жазушысы Кэсоның шығармаларын қазақ тіліне аударған.

«Әбдіжәміл Нұрпейісовтің кітаптары АҚШ-та 5-6 жыл бұрын аударылды. Ондағылар эпикалық ойлы, ерекше жазу стилі бар жаңа қазақ жазушысымен танысты. Оқырмандардың ерекше ықыласына бөленді. Бұл дегеніміз қазақ шығармалары әлем әдебиетінде жаңа деңгейге көтерілді. Оны Әбдіжәміл Нұрпейісов көтерді. Америкалықтар жазуымен ғана емес, қазақтың тұрмыс салты, дүниетанымен де танысты десем болады», – деді жазушы Владимир КАРТЦЕВ.

Қаламгер ретінде «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі», Қазақстан мемлекетінің «Отан» орденімен марапатталған. Ол Мұхтар Әуезов, Жұбан Молдағалиевпен бірге мемлекеттік сыйлық лауреаты атағын алған үш қазақ жазушысының бірі.

Перизат Көмекбайқызы, «Алматы» телеарнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

писатель
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир