Алматыда «Оскар» номинациясын жеңіп алған «Жан әке» фильмі сахналанды

Almaty.tv
Almaty.tv
Қойылым қоғамның бүгінгі бейнесін өткір суреттеген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бұған дейін батыс елдерінде «Оскар» номинациясын жеңіп алған «Жан әке» фильмі қазақ театрында сахналанды, - деп хабарлайды Almaty.tv.

 Күрделі ғұмыр, қиын таңдау өмірін өзгерткен кейіпкерлер қойылым арқылы көпке ой салуды көздейді. «Түпнұсқадан біршама өзгеріске еніп, қазақы қалыпқа сай сахналанған спектакль әке мен бала қарым-қатынасы арқылы қоғамдық мәселені көтереді» дейді актердің өзі.

«Өнер үміт сыйлауы керек. Театрға келген халық рухи байып кетуі керек. Көркем өнердің мақсаты – келген адамды одан сайын өлтіру емес, көрерменге бір нәрсе сыйлау. Ол үміттің алтын жібін ұстағандай, жігерлене түсуі керек», – деді актер, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Болат Әбділманов.

Қойылымда әскерден қашқан жастар, әкені сыйламаған ұрпақ, жат ағымға ерген көпшілік және қыз тәрбиесі қатаң сыналады. Қоғамның бүгінгі бейнесін өткір суреттеген спектакльде ойнайтын әртістер – театрдың таңдаулы мамандары.

«Әрине, спектакль – қазіргі өмірде кездесетін жағымсыз тұстардың сахнадағы айқын көрінісі. Сондықтан, қойылымнан көрермен тәлім-тәрбие алады деген ойдамын», – деді актер Бауыржан Манжігітов.

Оқи отырыңыз: «Шымбұлақ» тау шаңғы курорты Гиннестің рекордтар кітабына кірді

Новости партнеров