|
15.04.2022 | 14:54
1239

Алматыда Қозы Көрпеш – Баян Сұлу күніне орай әдеби кеш өтті

Іс-шара барысында қазақ әдебиетіндегі үздік махаббат дастандары талқыланды

Алматыда Қозы Көрпеш – Баян Сұлу күніне орай әдеби кеш өтті Almaty.tv

Алматыда Қозы Көрпеш – Баян Сұлу күніне орай әдеби шығармашылық жиын өтті, хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Жастармен кездескен ақын-жазушылар өздерінің басынан кешкен махаббат хикаяларын баяндады. Мерекелік кештің басты мақсаты – ұлттық ғашықтар күнін ұлықтау. Іс-шара барысында қазақ әдебиетіндегі үздік махаббат дастандары талқыланды.

«Жастар бұған дейін басқа күнді атап өтіп жүрді. Ал Қозы Көрпеш  – Баян  Сұлу күнін көп біле бермейді. Біздің мақсатымыз – ақын-жазушыларды, танымал азаматтарды оқырманмен таныстыру. Екіншіден, жастардың мереке ретінде махаббат күнін қабылдауына үлес қосу», – деді А.Чехов атындағы кітапхананың меңгерушісі Ләйлә Баймолдина.



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир