Тәжікстанның Қазақстандағы мәдени күндері аясында екі ел жазушыларының кездесуі өтті

Almaty.tv
Almaty.tv
Іс-шараның мақсаты – ақын-жазушылардың шығармасымен жақын танысу
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Тәжікстанның Қазақстандағы мәдени күндері аясында екі ел жазушыларының кездесуі өтті. Алқалы жиынға Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов пен Тәжік елінің Мәдениет министрі Зульфия Давлатзада қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Іс-шараның мақсаты  – екі мемлекет арасында рухани алтын көпір салып, мәдени ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ ақын-жазушылардың шығармасымен жақын танысу. Осылай деген Асхат Оралов келесі жылы Қазақстанның Тәжікстандағы мәдени күндерін өткізу жоспарланғанын айтты.

– Мемлекет басшыларының тапсырмасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Тәжікстандағы мәденриет күндері өтеді. Қазақстанда бір аптаның көлемінде 3 мегаполисте әртүрлі іс-шара өтті. Жазушылар одағы, композиторлар, ғалымдардың арасындағы ынтымақтастық деуге болады.  Эстрада, классика, опера-балет сынды бағыттағы жұмыстарды екі елдің достығын нығайтамыз деген ниетпен жалғастырамыз, – деді ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов.

Кездесуде Қазақстан Жазушылар одағының өкілдері тәжік елінен келген зиялы қауымға құрмет көрсетіп, ұлы Абайдың кітабын тарту етті. Сондай-ақ іс-шара барысында екі мемлекет жазушыларының шығармашылық байланысын нығайту мақсатында меморандумға қол қойылды.

– Тәжік елінде Жазушылар одағының қасынан аударма орталығы ашылған. Басқарма төрағасы келді, байланыс орнатып жатырмыз, – деді Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары Бауыржан Жақып.

Оқи отырыңыз: Жеміске толы жәрмеңке: Алматыда Тәжікстанның мәдениет күндері өтіп жатыр

Новости партнеров