Қазақ киносына 90 жыл толды

Almaty.tv
Almaty.tv
Негізгі мақсат — алтын қордағы дүр-жауһар туындыларды жаңғырту
Жаңалықтармен бөлісіңіз


Алматыда қазақ киносының 90 жылдығы атап өтілді. «Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында» Мәдениет және ақпарат министрлігі мен қала әкімдігінің қолдауымен ауқымды іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Негізгі мақсат — алтын қордағы дүр-жауһар туындыларды жаңғыртып, осы салада телегей тер төккен тұлғаларды дәріптеу.

– 12 қыркүйекте қазақ киносына 90 жыл толды. Кино – халықтыкі, елді елге таныстыратын өнер түрі. Ол –халықтың әдебиет-мәдениетін, салт-санасын басқа ұлттарға таныстыратын үлкен өнер, – деді ҚР Еңбек ері Асанәлі Әшімов

Мерейлі күн қарсаңында қазақ киносының негізін қалаушы Шәкен Аймановқа құрмет көрсетілді. Даңқты режиссёрдің көзін көрген замандастары ортақ естелік айтып,ескерткіш алдына гүл шоғын қойды. Қазақ киносының 90 жылдығына арналған іс-шара мұнымен шектелмеді. Отандық кино саласына сүбелі үлес қосқан Нұрғиса Тілендиев, Қасым Жәкібаев, Аяған Шәжімбаев және Ыдырыс Қарсақбаевтарға «Даңқ» аллеясының маңынан жұлдызды тақталар орнатылды. Сондай-ақ эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарламаға ұласты.

– Шәкен аға – кемеңгер адам Мен ол кісімен өте жақын болдым. Көп қателігімді түзеді. Ағаның арқасында жетістікке жеттім, – деді ҚР еңбек сіңірген қайраткері Нұржұман Ықтымбаев.

– Қазақ киносының берген тәрбиесімен өстік. «Менің атым – Қожа», «Қыз Жібек», «Атаманның ақырын» көріп, үлгі алдық. Үлкендердің бір-біріне деген сыйластығын тәнті болдық, – деді ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жомарт Зейнәбіл.

Оқи отырыңыз: Тұлғаға тағзым: Алматыда қысқаметражды фильмдер байқауы өтті



Новости партнеров