|
30.12.2023 | 18:36
48450

Жаңа жыл дастарханын қалай дайындау керек – сарапшы кеңесі

Мерекелік үстелдегі басты тағам ет болуы керек

Жаңа жыл дастарханын қалай дайындау керек – сарапшы кеңесі Фото: elements.envato.com

Жаңа 2024 жылы мерекелік үстелдегі басты тағам ет болуы керек. Мерекелік үстелде ет тағамдары неғұрлым көп болса, соғұрлым жақсы. Бұл қой еті, құс еті болуы мүмкін, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі sputnik.kz-ке сілтеме жасап. 

Мамандар етті үлкен кесек күйінде пісіруді ұсынды. Жаңа жыл үстеліне қоятын кезде әдемі бөліктерге кесу керек. Ет тағамдарын қуырып, су немесе буға пісіруге, қайнатуға болады. Сарапшылар 2024 жылы мерекелік дастарханның көркі кәуап немесе ет қақтамасы болады деп санайды.

 - Мерекелік мәзірде ыстық тамақтың жанында гарнир болуы керек. Оған пісіруге, бұқтыруға болатын кез келген көкөніс жарайды. Гарнир дайындаған кезде запырангүл (шафран) немесе куркума қолданыңыз, - дейді Ресейдің іскерлік этика, этикет және хаттама қауымдастығының сарапшысы Гүлшат Осипова.

Сондай-ақ мерекелік дастарханда ет немесе шұжық кесектері болуы қажет. Оның сапасына ғана емес, әрленуіне де көңіл бөлген жөн.

- Дастархандағы тағам әдемі әрленуі керек, себебі 2024 жылдың символы барлық жағынан мінсіз және сұлу дүниелерді жақсы көреді, - деді Гүлшат Осипова..

Дастарханға салат қойған кезде ішіне ет қосуды ұмытпаған жөн. 2024 жылдың символының көңілінен шығу үшін оны түрлі фигурамен, сәбізден, лимон, апельсин, мандариннен жасалған гүлмен безендіруге болады. Мұндай жағдайда сарғыш-сары түсті қолдануды ұмытпаған жөн.

Дастархан түсі қандай болуы керек

2024 жылдың тақырыбы мен символын ескеріп, сары немесе қызғылт сары дастархан жаюға кеңес берді.

Сондай-ақ ақ түс әрқашан әдемі көрінеді. Мұндай жағдайда мата майлық дастарханмен үйлесуі керек. Бұл мерекелік дастарханға ерекше сән береді.

- Дастархан түсі ақ болса, жаңа жыл сезілетін кез келген майлықты таңдауға болады. Ыдысты таңдаған кезде бейтарап түстерге мән берген жөн. Ол да сары және қызғылт сары түске үйлесуі керек. Сары сызық жүргізілген ақ тәрелке – ең ұтымды шешім, - дейді сарапшы.

Оқи отырыңыз: Алматыда қалалық идеялардың дизайны бойынша хакатон ұйымдастырылды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир