|
25.03.2022 | 18:36
8139

Алматының №4 клиникалық ауруханасында кардиология бөлімшесі ашылды

30 төсек-орындық кардиология бөлімшесі 25 наурыздан бастап жұмыс істей бастады

Алматының №4 клиникалық ауруханасында кардиология бөлімшесі ашылды Фото: №4 қалалық клиникалық аурухананың баспасөз қызметі

Алматы қаласы Түрксіб және Жетісу аудандары тұрғындарының тілектерін ескере отырып, енді жүрек-қантамыр жүйесі патологиясы бар науқастар жақын жерден білікті, жоғары технологиялық кардиологиялық медициналық көмек ала алады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

2022 жылғы 25 наурыздан бастап ШЖҚ «№4 қалалық клиникалық аурухана» МКК негізінде 30 төсек-орындық кардиология бөлімшесі жұмыс істей бастады.

Бөлімшеде заманауи медициналық технологиялар – ЭКГ, ЭхоКГ, Холтер, АҚТМ, УДЗ, КТ, МРТ, рентгендік диагностика, эндоскопиялық зерттеулер және зертханалық диагностиканы қолдана отырып, науқастарды кеңейтілген тексеруге, диагнозды нақтылауға және дәлелді медицина принциптеріне негізделген адекватты терапия таңдауға барлық мүмкіндіктер бар.

Бөлімше меңгерушісі - Якупова Ризвангүл Борисовна.

Кардиология бөлімшесінің көрсететін қызметтері:

1. Жедел коронарлық синдром, тұрақсыз стенокардия, гипертониялық криз және т.б. коронарлық ангиографиямен стенттеу диагнозымен жедел науқастарды консервативті және кардио-интервенциялық емге ауруханаға жатқызу.

2. Стент қою арқылы жоспарлы коронарлық ангиографияға жоспарланған науқастарды госпитализациялау.

3. Кардиореабилитацияға жоспарланған науқастарды госпитализациялау.


№4 қалалық клиникалық аурухана 2021 жылдан бастап халыққа кардиологиялық және интервенциялық кардиологиялық көмек көрсете бастады. Халық арасында травматологиялық емхана ретінде танымал төртінші қалалық аурухана көрсетілетін қызмет түрлерін кеңейтуге бет бұрды.

Осылайша, 2021 жылғы 1 сәуірде «Azurion PHILIPS» заманауи ангиографиялық қондырғысымен жабдықталған және рентген-эндоваскулярлық араласулардың барлық халықаралық стандарттарына сәйкес келетін рентген-эндоваскулярлық хирургия және кардиология (РЭХжК) бөлімшесі ашылды. Мұнда бір жыл ішінде 240 науқас емделді. Оталардың келесі түрлері жасалды: коронарлық артерияларды стенттеу – 114; 2 камералы кардиостимуляторды имплантациялау – 3; МРТ үйлесімді, жатыр артериясын эмболизациялау – 14, радиожиілік абляция – 2.

Бөлімше меңгерушісі - Наринбаев Асқар Салимович.

2022 жылы №4 қалалық клиникалық аурухана негізінде ҚЖА (қан айналымы жүйесі аурулары) бойынша реанимацияға 12 төсек-орын бөлінді.

Бұл реанимация бөлімінде кіші инвазивті араласудан кейін гемодинамикалық көрсеткіштерге (ЭКГ, қан қысымы, жүрек соғу жиілігі) тәуліктік бақылау және науқастардың қарқынды терапиясы жүргізіледі.

Одан кейін науқас емделуді кардиология бөлімшесінде жалғастырады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир