|
03.09.2024 | 19:17
1047

Сібір жарасы: Алматы облысында 4 адам ауру жұқтыруы мүмкін

Науқастар инфекциялық ауруға мал сойғанда шалдыққан

Сібір жарасы: Алматы облысында 4 адам ауру жұқтыруы мүмкін Almaty.tv

Алматы облысы Ұйғыр ауданының Үлкен Ақсу ауылдық округінде 4 адам сібір жарасын жұқтыруы мүмкін, деп хабарлайды Almaty.tv.

Барлық науқастың халі орташа ауыр деп бағаланып отыр. Жергілікті атқарушы органдар жедел штаб құрып, жағдайды қадағалауды күшейткен. Алдын ала мәліметтер бойынша, науқастар инфекциялық ауруға мал сойғанда шалдыққан. Аудандық полиция бөлімі ет пен ірі қараны ауданнан тыс жерлерге алып шығуға, басқа аудандардан алып келуге шектеу қойды.

Айта кетейік, сібір жарасы адамнан адамға жұқпайды.

– Дезинфекция жұмыстары жүргізілді. Қолданылған құралдар және ауырған малдың еті, терісі жойылды. Облыстық ветеринарлық лабораториядағы тексеріс нәтижесін күтіп отырмыз, – деді Ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Дәрібаев.

Оқи отырыңыз: Жерді жасыл түске бояп жатыр: әлеуметтік желіде тараған ақпарат шын ба
 








Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир