|
19.12.2023 | 11:23
588

Алматыда «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» атты мерекелік іс-шара өтті

№210 мектеп-лицейінің директоры оқушыларды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Алматыда «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» атты мерекелік іс-шара өтті Almaty.tv.

Алатау ауданы №210 мектеп-лицейінің 5-10 сынып оқушыларының қатысуымен Тәуелсіздік күніне байланысты «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Іс-шарада мектеп директоры оқушыларды Тәуелсіздік күнімен құттықтап, ыстық ықыласын білдірді. Сондай-ақ ұстаздардың еңбегін бағалау мақсатында мадақтама қағаздары табысталды.

Тәуелсіздік күніне байланысты Оразбай Іңкәр мен Ерболұлы Әли оқушыларға патриоттық көңіл күй сыйлайтын ән орындап, «Жас өрен» домбырашылар триосы «Адай» күйін көпшілікке паш етті. 

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир