|
03.02.2022 | 13:08
1844

Биыл қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқу бағдарламасы жаңартылады

Бұл туралы ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты

Биыл қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқу бағдарламасы жаңартылады Фото: ашық дереккөзден

Биыл қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқу бағдарламасы жаңартылады. Бұл туралы ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Ең басты мәселе осы екі пәннің (қазақ тілі мен әдебиеті) оқу бағдарламасын жаңарту болатын. Олардың оқу бағдарламасын міндетті түрде жаңартуымыз керек. Жиналысқа (Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімдері съезі) келген барлық мұғалімнің көтерген мәселесі де осы. Қазақ әдеибетінің мазмұны болсын, қазақ тілі пәнінің мазмұны болсын, әрине біраз жетілдіретін мәселе бар. Сондықтан жұмыс тобының отырыстарында айтылған бүкіл мәселе шешімін табуы керек. Оның ішінде оқу бағдарламасының мақсаттарын қайта қарау мәселесі де көтерілген еді. Оқытылатын шығармалар, грамматикалау жүйесі, жас ерекшеліктерін ескеру және басқа да мәселелерді әріптестеріміз көтерді. Сол себепті осы проблемаларды шешуді әрі қарай жалғастыру керек. Мұны осы жылы міндетті түрде толық шешуіміз қажет», - деді ол Білім министрлігінің аппарат жиналысында. 

Министрдің атап өтуінше, съезд барысында басқа да мәселелер көтерілді. Ол мәселелер де уақыты келгенде жан-жақты пысықталаты болады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир