|
31.08.2023 | 15:01
715

Kitap Fest Almaty – 2023: кітап фестивалінің ерекшелігі неде

Фестивальде «Ауылға кітап» дәстүрлі акциясы өтеді

Kitap Fest Almaty – 2023: кітап фестивалінің ерекшелігі неде Almaty.tv

«Ұлттық әдебиет. Ұлттық тіл. Ұлттық дәстүрлер». Биыл осындай тақырыппен KitapFest Almaty фестивалінде «Менің алғашқы ертегілерім», «Как сделать единорога?», «Tarmaqtar» және т.б жаңа кітаптардың тұсаукесері өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Биыл келушілерді ауқымды мәдени бағдарлама, Досым Сәтбаев, Елдос Тоқтарбай, Бейбіт Сарыбай, Смағұл Елубай, Абылай Юсупов, Әсел Сапақова және басқа да көптеген танымал тұлғамен кездесу күтіп тұр. 

KitapFest кітап фестивалі алғаш рет 2014 жылы республикалық деңгейде ұйымдастырылды. Тоғыз жыл ішінде танымал 200-ден астам кітаптың тұсауын кесті.

KitapFest Almaty кітап фестивалінің бағдарламасы:

  • «Жазушылар шатыры». Кітап тұсаукесері, авторлар мен жазушылармен сұхбат.
  • «Кітаптар жайлы Offline». Қоғам қайраткерлері мен танымал блогерлердің кітап оқудың пайдасы және олардың сүйікті шығармалары туралы пікірлері және т.б.
  • «Жазу өнері және шығармашылық үдеріс». Жас жазушылар мен баспагерлерге кітаптарды насихаттау құпиялары, авторлық құқықты қорғау туралы семинарлар мен дәрістер.
  • «Қазақ қаламгерлері». Қазақ тілді жазушылар мен ақындармен сұхбат.
  • «Оқырман ұлттың ұрпағымыз» көрмесінде жазушылар мен ақындардың мұрағаттық фотосуретінен фотоколлаж  ұсынылады.
  • Миниатюралық кітап көрмесі. Қазақстанның Ұлттық академиялық кітапханасымен бірлесіп сирек кездесетін кітаптар ұсынылады.
  • Кітап жәрмеңкесі. Кітап дүкендері, баспагерлер және интернет-дүкендер кітап өнімдерін 20%-ға дейінгі жеңілдікпен ұсынады.
  • «Кітап алмасу». Өз сөреңізді әртүрлі жанрдағы қызықты кітаптармен толықтырудың бірегей мүмкіндігі.
  • Балаларға арналған ойын-сауық бағдарламасы.

Фестивальде «Ауылға кітап» дәстүрлі акциясы өтеді, онда кез келген адам кітапты Қазақстанның ауылдық кітапханаларына тапсыра алады.  Сондай-ақ алматылықтарға 5000 тегін кітап таратылатын «Кітап лабиринті» салынады.

Өтетін күні мен уақыты: 9 қыркүйек, 2023 жыл, сағат: 11.00-19.00.

Өтетін орны: Алматы қаласы, «Арбат» алаңы

Ұйымдастырушылар: Алматы қаласы әкімдігінің Мәдениет басқармасының қолдауымен «BAURZHAN foundation» қоры және Орталық кітапхана жүйесі.

Оқи отырыңыз: Қазақстандық ғалымдар неге шетелге кетеді

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир