Биыл ұстаз, академик, профессор Рабиға Сыздықованың туғанына 100 жыл толды. Қазақ тіл ғылымының дамуына өлшеусіз үлес қосқан ғалымның мерейтойына орай, Алматыдағы Ұлттық кітапханада ғылыми-теориялық конференция өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Белгілі ғалымдар бас қосқан жиында академиктің зерттеулерінің маңызы атап өтілді. 96 жасында өмірден озған ғалым орфографиялық сөздік пен емле ережелерін құрастыруда жетекшілік еткен. Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, І дәрежелі «Барыс» орденінің иегерінің артынан қалдырған зерттеулері ғылыми ортада ерекше маңызға ие.
– Рабиға Сыздықова қазақ әдеби тілінің тарихы, жазба ескерткіштер, стилистика, тіл мәдениеті зерттеген. Конференцияның негізгі мақсаты – ғалымның еңбектерін дәріптеу, насихаттау, – деді ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Кәрімбек Құрманәлиев.
Оқи отырыңыз: Алматының Алатау ауданында жаңа мектеп ашылды