Алматыда 9-11 сынып оқушылары қандай форматта оқып жатыр? Бұл туралы Алматы қаласы Медеу аудандық білім бөлімінің басшысы Ағайша Сапарова «Алматы» телеарнасының «Таңғы студио» бағдарламасында айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Оқу бағдарламасы 100 пайыз деп алсақ, оның 70%-ын мектепте, қалған 30%-ын қашықтан оқиды. Күніне 4-5 сабақтан өтеді. ҰБТ мен қорытынды аттестацияға кіретін пәндер мектепте оқытылады», – деді Алматы қаласы Медеу аудандық білім бөлімінің басшысы Ағайша Сапарова.
Сонымен қатар мектеп барлық санитарлық талаптар қатаң сақталуда. Сабақ арасындағы үзіліс әр сынып үшін әртүрлі уақытта белгіленіп, сабақ ұзақтығы 30 минутты құрайды. Үзіліс – 5 минут.
Толығырақ «Таңғы студио» бағдарламасынан көре аласыздар.