Инклюзивті білім: Алматыда республикалық семинар-практикум өтті

Almaty.tv
Almaty.tv
Мақсаты – есту қабілеті бұзылған немесе нашар еститін студенттерге кәсіби білім беру
Жаңалықтармен бөлісіңіз

70 жылдық тарихы бар Алматы сервис және технологиялар колледжінде инклюзивті білім беру бағытындағы республикалық семинар-практикум өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Қазіргі білім беру үрдісіндегі Денсаулық сақтау және түзету технологиялары» деген атаумен ұйымдастырылған жиын оқу ордасының ұстаздары мен ата-аналардың, сондай-ақ өзге де білім беру ұйымдары мамандарының басын қосып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді. Семинардың басты мақсаты – есту қабілеті бұзылған немесе нашар еститін студенттерге кәсіби білім беріп қана қоймай, олардың денсаулығын сақтайтын орта құру. Қазір колледжде «Шаштараз өнері», «Тігін өндірісі және киімді үлгілеу» мамандықтары бойынша ерекше білім беру қажеттіліктері бар 64 студент оқып жатыр. Былтыр «Бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы ашылса, келесі жаңа оқу жылында «Қонақүй ісі» бойынша орта буын мамандарын даярлау жоспарланып отыр.

– Семинардың негізгі мақсаты – инклюзивті тәсілмен қатысушылардың денсаулығын сақтайтын білім беру ортасын құру, білім алушылардың денсаулығына құндылық қатынастарын қалыптастыру, инклюзивті білім берудегі техникалық және кәсіптік білім беру, ұйымдар өкілдері арасындағы тәжірибе алмасу және көптеген пайдалы ақпарат алып, пайдалы дағдыларға ие болады деген сенімдеміз, – деді Алматы сервис және технологиялар колледжінің директоры Жарқын Жаниязова.

Оқи отырыңыз: Павлодарда шыбын-шіркейлерді улау жұмысы басталды

Новости партнеров