1 сәуірден бастап ақтөбелік мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен зейнеткерлер қоғамдық көліктерде тегін жүреді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
Өңір басшысы Асхат Шахаров ақтөбелік мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен зейнеткерлерге қоғамдық көліктерде тегін жүру мүмкіндігі қарастырылатынын айтты.
"Жуырда қаламыздағы автобус паркі жаңа 30 автобуспен толықты. Тағы да жаңа 65 автобус әкелінеді. Қала тұрғындарын қоғамдық көлік қызметімен қамтамасыз етуде биыл қаржы мәселесін шеше отырып, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен зейнеткерлерге қоғамдық көліктерде тегін жүруге мүмкіндік жасаймыз. Бұл бастама алдағы сессияларда қаралып, шешілетін болады", - деді облыс басшысы.
Қазір қалалық қоғамдық көлікте Ұлы Отан соғысының ардагерлері және оларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар азаматтар тегін жүреді. Бұдан өзге, зейнеткерлерге жасы бойынша 50 пайыз мөлшеріндегі жолақысы қарастырылған. Бұл жеңілдіктер 2021 жылдың қыркүйегінен бастап іске асты.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда заңсыз жүрген 121 шетелдік азамат елден шығарылды