Биыл 1 қыркүйек жексенбіге сәйкес келіп тұр. Мектептерде алғашқы қоңырау салтанатты дәстүрге сай 1 қыркүйекте өтеді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз жиынында айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv. тілшісі.
Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз жиынында БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген Оқу-ағарту министрі биыл алғашқы қоңырау қай күні өтетінін мәлім етті.
- 1 қыркүйек – символикалық мәні бар күн. Сол үшін алғашқы қоңырау салтанаты жексенбі болса да, 1 қыркүйекте өтеді. Бұған дейінгі барлық уақытта салтанатты жиын дәл осы күні өткен. Биыл да ештеңе өзгермейді, - деді министр.
Оқи отырыңыз: Жаңа оқу жылы: биыл баланы мектепке дайындау бағасы өзгерді ме