|
20.05.2019 | 12:30
4043

Халықтың ауладағы тауығын есептеп, үйдегі тоңазытқышын тексеруге ешкімнің қақысы жоқ – Б.Сапарбаев

Алтын және күміс алқа иелері алатын, мүгедек балаға төленетін жәрдемақылар мен шәкірақы табысқа есептелмейді

Халықтың ауладағы тауығын есептеп, үйдегі тоңазытқышын тексеруге ешкімнің қақысы жоқ – Б.Сапарбаев

Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін «Эфир» жобасында қонақта болып, халықтың әлеуметтік желілерде қойылған сұрақтарына жауап берді, деп жазады Stan.kz.

Министрдің айтуынша, атаулы әлеуметтік көмек отбасының табысына қарай жарты жылға, бір жылға есептеледі екен. Егер, сол жарты жылдың ішінде отбасының табысы көбейсе, жәрдемақы тоқтатылады.

«1 сәуірден бастап аз қамтылған отбасылар, алтын және күміс алқа иелері алатын, мүгедек балаға төленетін жәрдемақылар, шәкірақы табыстың көзі болып есептеліп келген. Қазір біз оны алып тастадық. Ең үлкен өзгеріс жеке, қосалқы шаруашылықты есептегенде енеді»,- дейді Бердібек Сапарбаев.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі азаматтардың тауығын, сиырын есептеп, тоңазытқышында не барын тексеруге ешкімнің құқығы жоқ екенін айтты. Оның сөзінше, жәрдемақыға үміткер адамдардың шығыны да, кірісі де есептелуі керек. Себебі, 1-2 малдан келетін кірісті есептегеннен пайда жоқ дейді.

«Малды есептегенде де, сол сиырдан нақты пайда бар ма, жоқ па соны қарау керек. Сиырдың сүтін есептейді. Ал, егер ол сиыр қысыр қалса ше?»,- дейді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министі Бердібек Сапарбаев.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир