|
01.06.2023 | 13:34
755

Несие алуға тыйым сала аласыз: еGov-та жаңа функция пайда болады

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі заңнамалық актіге түзетулер әзірледі

Несие алуға тыйым сала аласыз: еGov-та жаңа функция пайда болады Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Қазақстандықтар eGov порталы арқылы өз атына несие алуға тыйым сала алады. Бұл функция алаяқтардан қорғайды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі заңнамалық актіге мыналарды көздейтін түзетулер әзірледі:

- жеке тұлғаның банк қарыздары мен микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тартуды белгілеу құқығын бекіту. Бұл сервис "электрондық үкімет" веб-порталында және eGov Mobile мобильді қосымшасында іске асырылады;

- қарыз алушының кредиттік тарихында несие алудан ерікті түрде бас тарту туралы ақпарат болған кезде банктер мен микроқаржы ұйымы үшін жеке тұлғаға несие беруге тыйым салуды енгізу.

Ведомство мәліметінше, ереже жеке тұлғаны несие алуға тиісті тыйым болған жағдайда берілген несие бойынша міндеттемелерді орындаудан босатуды қарастырады.

Функция өзіңізді алаяқтардан қорғауға көмектеседі, сонымен қатар елден ұзақ уақыт кеткен жағдайда пайдалы болады.

Оқи отырыңыз: Бірыңғай жинақтаушы қорындағы ақшаны кімдер жұмсай алады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир