|
12.04.2024 | 14:14
165

Елімізде 4 миллионға жуық азамат декларация тапсырады

Оны 15 қыркүйекке дейін өткізу қажет

 Елімізде 4 миллионға жуық азамат декларация тапсырады elements.envato.com

Биыл елімізде 4 миллионға жуық азамат алғаш рет декларация тапсырады. Оны 15 қыркүйекке дейін өткізу қажет, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жалпыға бірдей декларациялау 2021 жылы басталды. Ол кезде активтер мен міндеттемелер туралы мәліметті мемлекеттік қызметшілер, олардың жұбайлары мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарының басшылары тапсырды. Ал былтыр декларацияны мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен олардың жұбайлары, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жұмысшылары өткізсе, биыл қаңтардан бастап заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары, жеке кәсіпкерлер 250-нысандағы декларацияны тапсырып жатыр.

– 250-нысанды декларацияда беретін ақпараттарыңыз ол - қолма қол ақша. Оған шектеу қойылған. 10 мың айлық есептік көрсеткіштен аспау керек. Яғни биыл кіріп жатқан салық төлеушілер 34,5 миллион теңгеге дейін қолма қол ақшасын көрсете алады. Шет мемлекеттегі тұрғын үй, көліктері, банк есепшоттары болса немесе заңды тұлғадағы үлестері болса көрсетуге тиісті, – деді Әуезов ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Саттар Тілеулинов.

Табыс пен мүлік туралы декларацияны «Салық төлеуші кабинеті» kgd.gov.kz және eSalyq Azamat мобильді қосымшасы арқылы тапсыруға болады.  Сондай-а, барлық мәліметті 1414 бірыңғай республикалық байланыс орталығына қоңырау шалып, білуге болады.

Айта кетейік, декларацияны ұсынбағаны үшін алдымен ескерту беріледі. Бұл бір жыл ішінде қайталанса, 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады.

Оқи отырыңыз: Жалпыға бірдей декларациялаудың 3-кезеңі қанша адамды қамтиды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир