|
05.07.2020 | 14:22
8782

75 мың теңгелік төлем туралы ақпарат жалған – Еңбек министрлігі

Қазнетте карантин кезінде 75 мың теңге көлеміндегі тағы бір төлем беріледі деген ақпарат тарады

75 мың теңгелік төлем туралы ақпарат жалған – Еңбек министрлігі открытые источники

Қазнетте карантин кезінде 75 мың теңге көлеміндегі тағы бір төлем беріледі деген ақпарат тарады,  деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Белгісіз адамдар әлеуметтік желілерде парақшалар ашып, қазақстандықтарға көмек алуды ұсынған. Алайда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

«Қазақстанда жаңа шектеу шараларының енгізілуіне байланысты Желіде әлеуметтік көмек төлемдері туралы таратылатын ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Бұған дейін 42 500 теңге түріндегі әлеуметтік көмек төтенше жағдай режимінің енгізілуіне байланысты тағайындалғаны хабарланған болатын. Ал қазіргі уақытта шектеу шараларын күшейту жұмыстары жүзеге асып жатыр. Сондықтан төлем жүргізуге заңды негіз жоқ», – деп түсіндірді ведомство өкілі.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир