Смайылов: Жер сілкінісі кезінде халыққа ерте мәлімет беру керек

Almaty.tv
Almaty.tv
Сырым Шәріпханов жер сілкінісі кезінде ғимараттардың құламағанын жеткізді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдағы жер сілкінісі кезінде халықты құлақтандыру қызметі әлсіз болды. Бүгін Үкімет отырысында осылай деген Премьер-министр Әлихан Смайылов оңтүстік астанадағы зілзаладан қаза тапқандардың жоқтығын айтып, аса шығынның да болмағанын еске салды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оны айтуынша, жер сілкінісі кезінде ақпарат уақытында айтылмағандықтан байбалам көп болды. Үкімет басшысы сейсмикалық қауіп бар өңірлерге оқу-жаттығуды жиі өткізуді тапсырды.

– Азаматтарға мұндай жағдайдағы әрекетінің жүйелі болу керек екенін түсіндірген дұрыс. Сейсмикалық қауіп бар өңірлерде оқу-жаттығуларды жиірек өткізу керек деп топшылаймын. Халық әрекеттер алгоритмін тәжірибеде білуі керек. Адамдар уақытылы ақпараттандыру мен айқын әрекет болмағандықтан байбаламға бой алдырды. Олар 2-3-қабаттан секіріп, ойсыз әрекетке жасады. Бұл құлақтандыру жүйесі дер кезінде іске қосылмағанын, халыққа барынша ерте мәлімет таратып, хабарландыру керек болғанын көрсетеді, – деді ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов.

Ал Төтенше жағдайлар министрі Үкімет отырысының басында Алматыдағы зілзала туралы мәліметтерді айтты. Сырым Шәріпханов жер сілкінісі кезінде ғимараттардың құламағанын жеткізді.

– Таңғы сағат 7:00-дегі жағдай бойынша 3 елеулі сейсмикалық жағдай тіркелген. Алматы қаласындағы максималды сезілу — 5 балл, Шымкент қаласында, Жамбыл облысында 2-3 балл, және Жетісу облысында болды. Алдын ала мәлімет бойынша бүлінген ғимарат жоқ, – деді ҚР ТЖМ Сырым Шәріпханов.

Оқи отырыңыз: Елімізде күшті және жойқын жер сілкінісі болма ма


Новости партнеров