Жыл басынан бері облыс орталығында 6 мыңнан астам құқықбұзушылық дерегі анықталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Аtpress.kz-ке сілтеме жасап.
Атырау қаласы аумағында "Қорғау-қауіпті жүргізуші" шарасы мен "Сергек" ақпараттық жүйесінің көмегімен жыл басынан бері 6510 әкімшілік құқықбұзушылық деректері анықталған. Оның ішінде, айыппұлдарын төлемей жүрген 2580 борышкер анықталып, айыппұлдары өндіріліп, арнаулы тұраққа 792 автокөлік қойылды.
Ал 1 апта ішінде айыппұлдарын төлемей жүрген 342 автокөлік анықталып, 8 млн теңгеден астам айыппұл өндірілген.
Осы ретте, атыраулық полицейлер жол ережесін қатаң сақтап, айыппұлдарды мерзімінен кешіктірмей өтеу керек екенін ескертеді.
Оқи отырыңыз: Дауылды ескерту: елдегі су айдындарына үздіксіз мониторинг жүргізіліп жатыр