Лотерея өнімдерін тарату тәртібі қатаңдатылады

Фото: elements.envato.com
Фото: elements.envato.com
Ұтқан ақшаны 6 айдың ішінде алмаса, мемлекеттік бюджет кірісіне есептеледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Лотереядан 130 миллион теңге ұтқан қазақстандықтар ақшасын 6 айдың ішінде алмаса мемлекеттік бюджет кірісіне есептеледі. Бұл туралы Туризм және спорт вице-министрі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ақпарынша, азаматтардың көбі ұтыс ойындарына сенімсіздік танытады. Жолы болып жеңімпаз бола қалған жағдайда, оны жариялауға немесе сыйлықты алуға қарсы болатын көрінеді. 

Айта кетейік, соңғы бір жылдың өзінде лотоклубтардағы жалпы айналым 356 миллиард теңгеден асқан.

– Қазіргі заң бойынша 18 жастан жоғары адамдар лотереяға қатысуға құқылы. Оны лотерея операторы және біз де қадағалаймыз, – деді ҚР Туризм және спорт вице-министрі Мирас Төлебаев.

Бұдан былай лотерея өнімдерін тарату тәртібі де қатаңдатылады. Парламент қарауына ұсынылған құжатқа бірқатар түзетулер енгізу көзделген. Оның негізінде мектеп, жатақхана, тұрғын үйлер мен діни мекемелерде ұтыс билетін сатуға, жарнамалауға заңмен тыйым салынбақ. Министрлік өкілі елде қазіргі күні лотерея терминалдарының жұмысы тоқтатылғанын хабарлады. Мұнымен қоса, 300-ден астам лотоклубтың заңсыз қызмет көрсетіп келгені анықталған.  

Оқи отырыңыз: Жол жоқ: Ауыл тұрғындары уәдесінде тұрмаған қала әкімін сынға алды

Новости партнеров