|
03.09.2024 | 18:52
495

Елімізде студенттердің шәкіртақысы өсті

Қаулыдағы өзгерістер 1 қыркүйекте күшіне енді

Елімізде студенттердің шәкіртақысы өсті Almaty.tv

Елімізде студенттердің шәкіртақысы өсті. Премьер-министр Олжас Бектенов маңызды құжатқа шілдеде қол қойған. Қаулыдағы өзгерістер 1 қыркүйекте күшіне енді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ислам Әден – Ұлытау облысының тумасы. Арман қуып Алматыға келген көп жастың бірі. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім алады. Үшінші курс студентінің айтуынша, шәкіртақының өскені алып мегаполисте оқитын жастар үшін айтарлықтай көмек.

Мен оқуға түскенде 42 мың теңге берілді. Ал жоғары курстар 36 мың теңге алған. Біз 3-курсқа өткенде шәкіртақы тағы өсті, 47 мың теңге болды, – деді студент Ислам Әден

Бакалавриат студенттер 47 135 теңге, ал педагогикалық және медициналық бағытта оқитындар 75 600 теңге шәкіртақы алады. Демек 20 пайызға артты. Ал колледж студенттерінің шәкіртақысы 50 пайызға өсті. Сондай-ақ интернатурада оқитындар енді 85 376 теңге, ал резидентура студенттері 123 122 теңге көлемінде шәкіртақы алады.

– Былтыр шәкіртақы магистратурада 97 мың теңге болса, биыл 107 мың теңгеге өстті. Ал докторанттар үшін стипендия 217 мың теңгеден 240 мың теңгеге артты, – деді ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі комитеті төрағасының орынбасары Жанна Есінбаева.

Айта кетейін, шәкіртақы көлемін көбейту бойынша кешенді жұмыс елімізде 2020 жылдан бері жүргізіліп жатыр. Соның нәтижесінде келесі оқу жылында жоғары оқу орындары мен колледж студенттерінің стипендиясы екі есеге, магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы 1,75 есеге өседі деп жоспарланған.

Гүлмарал Изатқызы, Адель Ақжаркенова, Рашиддин Якупов, «Алматы» телеарнасы

Оқи отырыңыз: 2025 жылға дейін 800 мың бала заманауи мектепте оқуға мүмкіндік алады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир