|
17.02.2021 | 17:42
1098

Бізді алда талай жетістік пен жеңіс күтіп тұр – Рустам Кайрыев

Алматының медицина саласы ерлікке пара-пар қызмет көрсетті

Бізді алда талай жетістік пен жеңіс күтіп тұр – Рустам Кайрыев Фото: ашық дереккөзден

Өткен жыл адамзат баласы үшін оңай жыл болған жоқ. Елімізде коронавирус пандемиясы белең алып, төтенше жағдай жарияланды. Карантиндік шаралар мен шектеулерден ел экономикасы тұралап, бизнес дағдарысқа ұшырады. Алайда біз, алматылықтар, бұл қиын кезеңді бірге еңсеріп, қауіпті індетке қарсы тұра білдік. Қаламызда шұғыл түрде қосымша жаңа модульдік госпитальдар салып, жұмыс істеп тұрған ауруханаларды тез арада қайта даярлау арқылы індеттің белең алуына тосқауыл болдық, деді Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Рустам Кайрыев, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Almaty аkshamy газетіне сілтеме жасап.

«Біздің шаһар мен оның тұрғындары бұл ауыр жүкті жұмыла көтерді, сын сағатта ерекше табандылық танытты. Денсаулығына қауіп төнгеніне қарамастан, алматылықтар волонтерлік топтарға бірігіп мұқтаж жандарға көмек көрсетті. Ешкім қол қусырып үйінде отырмады. Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыру Жолы» жастар қозғалысы да көмек қолын созудан тыс қалған жоқ. Біз де еріктілермен бірге 2500-ден астам тұрмысы төмен отбасыларға барып, оларға салмағы 15-тен 30 келіге дейінгі азық-түлік себеттерін, дәрі-дәрмектер, дәрі-дәрмектер, азық-түлік өнімдерін ұсындық.

Алматының медицина саласы ерлікке пара-пар қызмет көрсетті. Еріктілер қатарында жүргенде мен де вирус жұқтырғанмын. Өкпем 75 пайыз қабынып, екі жақты вирустық пневмонияға шалдыққаным әлі есімде. Алматылық дәрігерлердің қажырлы еңбегінің арқасында тоғыз күннің ішінде аяғымнан тұрдым. Осы сәтті пайдаланып, карусыз майданда талай жанның өміріне араша болып, күн-түн демей еңбек еткен ақхалаттыларға алғыс айтамын!

Қазіргі уақытта Алматыда карантиндік шаралар сәл де болса жеңілдетіле бастады. Бұл біздің «бір жағадан бас, бір жеңнен қол» шығара алатын бірлігіміз бен сын сағатта сабырлы бола алатынымызды дәлелдей түссе керек. Қалай болғанда да, өмір жалғасып жатыр. Бүгінде алып шаһар Алматы да өзге елдер секілді құлтырып, дамып келеді. Бізді алда талай жетістіктер мен жеңістер күтіп тұрғанына сенемін!» – деді Рустам Кайрыев.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир