|
26.06.2019 | 18:15
4146

Байқау: үш минуттық бейнешолу – 300 мың теңге

«Алматының үздік бейнешолуы» атты байқауға материалдар қабылданады

Байқау: үш минуттық бейнешолу  – 300 мың теңге

Әсем қала Алматының ең көрікті жерлерін камераға түсірген азаматқа қомақты қаржы сыйға беріледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

1 шілдеден бастап «Алматының үздік бейнешолуы» атты байқауға материалдар қабылданады. 

Конкурсқа 18 жасқа толған кез келген Қазақстан азаматы қатыса алады. Видео 3 минуттан аспауы керек. Ең үздік деп танылған туынды иесіне 300 мың теңге көлемінде сыйақы табысталады.

«Алматыны жарнамалауға бағытталған бұл бейнежазбаны біз әлем жұртшылығының назарына ұсынамыз. Ондағы мақсат – қаламызға турист ретінде басқа елдің өкілдерін тарту. Алматы қаласын жақсы көретін азаматтардың бұл шараға қатысып, сыйақы алуға мүмкіндігі бар», – деді Алматы қаласы Туризм басқармасы басшысының орынбасары Қалибек АҚЫЛБЕКОВ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир